Лента новостей

Семейдегі белгілі бір кешендегі мектеп маңындағы көшеде жарық қашан іске қосылатыны белгілі болды

жарық мәселесі, Қарағайлы, мектеп маңы

Қарағайлы тұрғын үй кешеніндегі мектеп маңынан өтетін көшедегі жарық мәселесі алдағы күндері шешімін табуы мүмкін деп Arnapress.kz тілшісі хабарлайды.

Бұған дейін сайтымызда Қарағайлы ықшам ауданындағы аталған көшеде жарық бағаналары орнатылғанымен, әлі күнге дейін іске қосылмағанын жазған едік. Осы жарияланымға жауап ретінде Семей әкімдігі түсініктеме берді.

Олардың мәліметінше, Қарағайлы ықшам ауданында мектеп маңынан өтетін автомобиль жолының құрылысы 2025 жылы толық аяқталған. Қазіргі уақытта аталған көшедегі жарық бағаналарын қосу үшін мердігер ұйыммен және техникалық қадағалау қызметімен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр. Ал жарықтандыруды толық іске қосу 10 ақпанға дейін жоспарланған.

Тұрғындардың айтуынша, аталған көшеде жарықтың жоқтығы әсіресе кешкі уақытта мектеп оқушылары мен жаяу жүргіншілер үшін қолайсыздық туғызған. 

Arnapress.kz мәселенің орындалу барысын бақылауда ұстайды.

Просмотров (618)
ТопДок 1