Лента новостей

Ұлттық құрылтайда Президент кісі қолынан қаза тапқан бойжеткен оқиғасына тоқталды

Ұлттық құрылтай, тапсырма берді, Нұрай

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте болған Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты қайғылы оқиғаға назар аударды, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, аталған қайғылы жағдайға қатысты құрылтай мүшелерінен бірнеше өтініш түскен. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық Полиция департаментінің әрекеттеріне құқықтық баға беруді тапсырды.

"Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр. Ақыры, мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды. Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді", - деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, 11 қаңтар күні кешке Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің маңынан жас қыздың мәйіті табылған. Марқұмның денесінен пышақ жарақаттары анықталған.

Ал 13 қаңтарда күдіктінің Шымкент қаласының маңынан ұсталғаны хабарланып, кейін сот санкциясымен қамауға алынғаны белгілі болды.

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (197)
ТопДок 1