Лента новостей

Жетісу облысында баласына дене жарақатын салған әйел қамауға алынды

бала ұру, сотталды, ата-ана құқығы, Жетісу жаңалқтары

Жетісу облысы Панфилов аудандық полиция қызметкерлері WhatsApp топтарында таралған бейнежазба бойынша жедел түрде тексеру жүргізіп, 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салғаны анықтады, деп хабарлады Аrepress.kz Жетісу облыстық полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, әйел қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Екі бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мән-жайды анықтағанға дейін Отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Қамқоршылық және қорғаншылық органының атына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау туралы тиісті ұсыныс жолданады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында. Тергеу нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", – делінген полиция хабарламасында. 

Еске салайық, WhatsApp топтарында белгісіз бір әйелдің баласын аяусыз ұрып-соғып жатқаны бейнеленген видео тараған болатын.

Фото: жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (164)
ТопДок 1