Лента новостей

Семейде мектеп маңындағы көшеде жарық жоқ

жарық жоқ, мектеп маңы, Абай облысы, Семей жаңалықтары

Қарағайлы ауданында жаңадан салынған мектеп маңындағы көшеде жарықтың жоқтығына қатысты шағым түскен соң, Arnapress.kz тілшісі аталған аумаққа барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтты.

Шынында да, қала орталығынан мектепке дейін баратын ұзын жол торабының дәл мектеп маңындағы бөлігінде көше жарығы жанбай тұр. Аталған аумақта жарық бағандары орнатылғанымен, шамдар әлі күнге дейін іске қосылмағаны байқалды.

Қыстың күні кештің ерте түсуіне байланысты бұл жағдай тұрғындар мен ата-аналар үшін қолайсыздық туғызып отыр. Әсіресе таңертең және кешкі уақытта мектепке қатынайтын балалардың қауіпсіздігіне алаңдаған тұрғындар жарықтың тез арада қосылуын сұрайды.

Тұрғындардың айтуынша, бұл жолмен күн сайын ондаған бала мен ата-ана қатынайды. Көлік қозғалысы да бар болғандықтан, қараңғы уақытта жүру қауіпті.

Жауапты органдардың жағдайды назарға алып, шешім шығарып, ресми жауап береді деп күтеміз

Еске салайық, "Сіздің жаңалығыңыз" айдарына хабарлама жіберу үшін WhatsApp +7 708 504 30 05 нөміріне жазсаңыз болады.

Гүлнұр АХМЕТЖАН

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (221)
ТопДок 1