Бұған дейін сайтымызда жаңадан салынған қазандыққа қатысты тұрғындардың шағымы жарияланған болатын. Қарағайлы шағын ауданының тұрғындары жаңа блок-модульді қазандықтан шығатын түтін мен жағымсыз иістің мазалайтынын айтқан едік, аталған мәселеген Семей қаласының әкімдігі жедел жауап берді деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Әкімдіктің мәліметінше, "қазіргі уақытта Қарағайлы шағын ауданын жылумен қамтамасыз ететін блок-модульді қазандықта қолданыстағы қондырғыны іске қосу және реттеу бойынша сынақ жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сынақ жұмыстары аяқталғаннан кейін барлық ескертулер Қазақстан Республикасының санитарлық талаптарына сәйкес түзетілетін болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз"-, делінген ресми жауапта.
Редакция тілшілері қазандықтағы іске қосу-реттеу сынақтарының толық аяқталуын және мәселенің қалай шешілетінін бақылауда ұстайды.
Фото: жасанды интелект арқылы жасалды
