Лента новостей

Абай облысында аязды күндері «Тегін такси» қайырымдылық акциясы өтуде

тегін такси, имам, Абай облысы

Абай облысы аумағында ауа-райының күрт өзгеріп, аязды күндер басталуы себепті облыс мешіттері мен Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен “Тегін такси” акциясы өтуде деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Игі шараға мешіт имамдары мен ерікті жамағаттар ат салысып, аялдамада тұрған халықты үйлеріне тегін жеткізіп салып жатыр. 
Абай облысының Бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы бұл игі шараның мақсаты халық арасындағы бауырмашылық пен береке-бірлікті арттыру екенін атап өтіп, барша көлігі бар жандарды мүмкіндіктеріне қарай осынау ізгі іске үлес қосуға шақырды.


“Тегін такси акциясына қатысушы ерікті азаматтар жыл сайын өткізіліп келе жатқан мұндай сауапты іске ат салысуға әрқашан әзірміз. Бұл акция дүйсенбіге дейін аяз түскенше жалғасады. Дәл қазір 18 ерікті қызмет етіп жатыр, әлі де келем деушідер бар. 
Өз кезегінде “Тегін такси” қызметін көрген тұрғындар риясыз көңілдерімен алғыстарын білдіріп, “Алла разы болсын” айтып жатыр. Алла халқымызға береке-бірлік бергей” - дейді имам. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция барысында әсіресе қарттар, балалар мен қоғамдық көлікті ұзақ күтуге мәжбүр болған тұрғындарға басымдық беріледі.

Гүлнұр АХМЕТЖАН

Фото: зекет және қайырымдылық қоры баспасөз қызметі

Просмотров (176)
ТопДок 1