Сеченова 9/11 тұрғындары аулаларында болған жайтпен бөлісіп редакциямызға жүгінді деп хабарлайды Arnapress тілшісі.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында тұрғындар пәтер маңын әсемдеп, жанып-өшетін гирляндылар іліп, аула мен көшеге мерекелік көрік берген әшекейді әлі күнге дейін әсемдікті бұзбай, гирляндыларды бүгінгі күнге дейін сақтап, айналаның көркем келбетін тамашалап келген. Бірақ, 16 қаңтар күні пәтер тұрғындарының біріне “Газельмен” жиһаз кіргізу кезінде жүк тасушы жігіттер гирляндыларды үзіп, бүлдіріп кетті дейді тұрғындардың айтуынша.

“Осы жағдайға байланысты полиция қызметкерлерін шақырып, өтініш жаздық”, -дейді осы үйдің тұрғыны.

Ескерте кетейік, аталған жағдайға байланысты департаменттің полиция қызметкерлерімен бірден байланысқа шықтық, жауап күтіп отырмыз.
Қазіргі таңда тұрғындар болған оқиғаға наразылық білдіріп, мерекелік әсемдікті сақтауға бағытталған ниеттеріне түсіністікпен қарауды, сондай-ақ әділдікті ту еткен полиция қызметкерлерінің өз міндетін адал атқаруын талап етіп отыр.
Фото: оқырмандардан келген
