Лента новостей

Семейдегі жаңадан салынған қазандық: тұрғындар шағымы

блок-модульді қазандық

Қарағайлы тұрғындары жылу беру маусымы басталғалы ыстың иісі мен қара түтіннің көбейгенін айтуда деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Еске салайық, Семей қаласының Қарағайлы ауданында жаңа блок-модульді қазандықтың құрылысы былтыр аяқталып, 2025 жылдың соңында іске қосылған болатын. Бұл шешім көпқабатты тұрғын үйлердің қарқынды салынуына байланысты ауданда жылу энергиясының тапшылығы күшейгенін ескере отырып қабылданған.

Тұрғындардың айтуынша, түтін әсіресе кешкі уақытта күшейіп, пәтер ішіне дейін кіретін болған.

"Жылу беру маусымы басталғалы бері үйдің ішіне күйенің иісі кіріп, қара түтін сезіледі. Терезе ашу мүмкін болмай қалды. Ең алаңдататыны — қазандықты дәл мектептің тұсына салып қойған. 1200 бала оқитын білім ошағының жанында түтін шығатын нысанның тұрғаны қауіпті деп ойлаймыз. Балалардың денсаулығына зияны тимей ме деп уайымдаймыз", – дейді аудан тұрғыны.

Еске сала кетейік бұл қазандық жайлы 2024 жылы тамыз айында сайтымызда қоғамдық отырыста талқыланғандығын жазған едік.

Сол кезде облыс әкімінің орынбасары болған Дмитрий Гариков қазандық құрылысы жайлы толық мәлімет берген.

Жалпы, қазандық 44 тұрғын үйді, жаңа 1200 орындық мектепті және жеке инвесторлар есебінен салынатын нефрологиялық орталықты жылумен қамтамасыз етуге арналған.

"Жылу қазандық мектеп пен нефрологиялық орталықтың ортасына салған, тұрғындар бұған қарсы болдық. Себебі, балалар жүретін жерге бұндай қауіпті нысандар салғаны ойға қонымсыз" - дейді сол жердің тұрғыны.

Жоба Қарағайлы ауданындағы жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды тұрақты жылумен қамтуға бағытталғанымен, тұрғындар экологиялық қауіпке алаңдаулы екенін жеткізуде.

@arnapress

Қарағайлы тұрғындары жылу беру маусымы басталғалы ыстың иісі мен қара түтіннің көбейгенін айтуда деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Еске салайық, Семей қаласының Қарағайлы ауданында жаңа блок-модульді қазандықтың құрылысы былтыр аяқталып, 2025 жылдың соңында іске қосылған болатын. Бұл шешім көпқабатты тұрғын үйлердің қарқынды салынуына байланысты ауданда жылу энергиясының тапшылығы күшейгенін ескере отырып қабылданған. Тұрғындардың айтуынша, түтін әсіресе кешкі уақытта күшейіп, пәтер ішіне дейін кіретін болған. "Жылу беру маусымы басталғалы бері үйдің ішіне күйенің иісі кіріп, қара түтін сезіледі. Терезе ашу мүмкін болмай қалды. Ең алаңдататыны — қазандықты дәл мектептің тұсына салып қойған. 1200 бала оқитын білім ошағының жанында түтін шығатын нысанның тұрғаны қауіпті деп ойлаймыз. Балалардың денсаулығына зияны тимей ме деп уайымдаймыз", – дейді аудан тұрғыны. Еске сала кетейік бұл қазандық жайлы 2024 жылы тамыз айында сайтымызда қоғамдық отырыста талқыланғандығын жазған едік. Сол кезде облыс әкімінің орынбасары болған Дмитрий Гариков қазандық құрылысы жайлы толық мәлімет берген. Жалпы, қазандық 44 тұрғын үйді, жаңа 1200 орындық мектепті және жеке инвесторлар есебінен салынатын нефрологиялық орталықты жылумен қамтамасыз етуге арналған. "Жылу қазандық мектеп пен нефрологиялық орталықтың ортасына салған, тұрғындар бұған қарсы болдық. Себебі, балалар жүретін жерге бұндай қауіпті нысандар салғаны ойға қонымсыз" - дейді сол жердің тұрғыны. Жоба Қарағайлы ауданындағы жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды тұрақты жылумен қамтуға бағытталғанымен, тұрғындар экологиялық қауіпке алаңдаулы екенін жеткізуде.

♬ оригинальный звук - Arnapress.kz

Гүлнұр АХМЕТЖАН

Фото, видео: Arnapress.kz

Просмотров (232)
ТопДок 1