Лента новостей

"Астана Аренада" футбол матчы өтеді: қауіпсіздік күшейтіледі

Астана, футбол матчы, Астана Арена, Қайрат-Брюгге командасы

Бүгін, 20 қаңтар күні сағат 20:30-да “Астана Арена” стадионында “Қайрат” пен “Брюгге” командалары арасындағы футбол матчы өтеді. Осыған орай елордада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін патрульдік және туристік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылмақ. Жалпы саны 2800-ге жуық полиция қызметкері қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, шетелдік жанкүйерлер мен қала қонақтарының келуіне байланысты арнайы бақылау шаралары ұйымдастырылған. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін матч алдында және одан кейін қосымша қоғамдық көліктер қатынайды.

Астана полициясы тұрғындар мен жанкүйерлерді қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық қорғау органдарының талаптарын орындауға және стадионға бару үшін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырды.

Фото: жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (186)
ТопДок 1