Лента новостей

Абай облысында бір кешенде қоқыс жәшіктерінің жанында жиналған картонға тұрғындар шағымданды

қоқыс маңы, картон, тұрғындар шағымы

Қарағайлы тұрғын үй кешенінде қоқыс жәшіктерінің маңында жиналып қалған картон қағаздарға байланысты тұрғындар редакциямызға шағымданды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, қоқыс тасымалдайтын арнайы көліктер әр дүйсенбі күні келіп, тұрмыстық қалдықтарды алып кетеді. Алайда жәшіктердің жанында жатқан картон қағаздар жиналмай, шашылып қала береді.

"Әр келген сайын қоқысты алып кетеді де, қағаз-қоқысты сол күйі қалдырып кетеді. Бұл аумақта балалар ойнайды. Қоқыс жәшіктері де дәл үйдің ортасына қойылған, тұрғындар үшін қолайсыздық тудырып отыр", - делінген тұрғындар жолдаған хабарламада.

Осы мәселеге қатысты қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) бөліміне хабарласып, түсініктеме алдық.

"Құрылыс қалдықтары қоқыс жәшіктерінен шығарылмайды және оны сыртында шашылып жатса жинау олардың міндетіне кірмейді. Ал егер жерде жатқан ұсақ қағаздар болса, тұрғындар оларды пакеттерге салып, қоқыс жәшігіне тастаса, арнайы көлік алып кетуге міндетті", - деп жауап берді бөлім өкілдері.

Гүлнұр Ахметжан

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (301)
ТопДок 1