Лента новостей

Семейде түзеу мекемесіне алты телефон өткізбек болған тұрғын ұсталды

түрме, тыйым, телефон, түйіншект

Семей қаласының 27 жастағы тұрғыны түзеу мекемесінің қоршауынан екі түйіншек лақтырмақ болған кезде ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz cілтеме жасап. 

 Түйіншектерден алты ұялы телефон, үш SIM-карта, құлаққап және төрт зарядтау құрылғысы тәркіленді.

Ұсталған азаматтың айтуынша, оған тыйым салынған заттарды ақшалай сыйақы үшін жеткізуді бейтаныс адам ұсынған. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Фото: Polisia.kz

Просмотров (433)