Лента новостей

Абай облысында ерекше күтімді қажет ететін балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың фактісі анықталды

зорлық, зомбылық, орталық, балалар

Абай облысының прокуратурасы Аягөз ауданындағы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тексеру жүргізіп, тәрбиеленушілерге санитарлар тарапынан жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсетілгенін анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар заңсыз әрекеттерге куә бола тұра, олардың жолын кесуге шара қолданбаған кейбір қызметкерлердің әрекетсіздігі әшкереленді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қатысы бар тұлғалар қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетіліп, олардың балалармен қарым-қатынасына шектеу қойылды.

Қазіргі уақытта тексеру шаралары жалғасуда.

Фото: Бас прокуратурасынан

Просмотров (422)