Лента новостей

Ұлттық өнер кеші: Семейде "Айша бибі" ансамблінің концерті өтеді

концерт, мәдениет, Айба бибі, ансамбль

Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары өңірдің рухани қазынасына айналған халықтық фольклорлық ансамблдің кезекті шығармашылық кешін тамашалай алады, деп хабарлайды Arnapress.kz

21 қазан күні Семей қалалық мәдениет сарайында халықтық фольклорлық "Айша бибі" ансамблінің "Алтын жастың сұлулығы" атты концерттік бағдарламасы өтеді. Кеш сағат 15:00-де басталады.   

Руханият пен дәстүрді дәріптеген ансамбль Семей қалалық мәдениет сарайы жанынан құрылған "Айша бибі" халықтық фольклорлық ансамблі – ұлттық музыка өнерін ұлықтап, дәстүрлі сазды кейінгі ұрпаққа насихаттап келе жатқан бірегей ұжымдардың бірі. Ансамбль құрамында өнерге жаны құштар, аға буын өкілдері қазақтың бай фольклорлық мұрасын қайта жаңғыртып келеді.   

Ұжымның "Алтын жастың сұлулығы" деп аталуының өзінде үлкен мағына жатыр. Кеш бағдарламасында аға буынның өмірлік тәжірибесі мен өнерге деген шексіз сүйіспеншілігі, халық әндері мен күйлерінің, дәстүрлі саздардың сиқырлы әуені көрерменге жол тартады.

Көркемдік жетекшісі: Ж. Т. Тыныбаева   

Концертмейстер: Р. Р. Дюсенгазин   

Кеште көрермендерге арналған бай репертуар ұсынылып, ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен халық әндері, термелер мен күйлер орындалады. 

Өтетін орны: Семей қалалық мәдениет сарайы   

Күні: 21 қазан 2026 жыл   

Уақыты: 15:00   

Кіру: Тегін

Байланыс телефоны: 8 747 850 23 58   

Фото: Басты беттегі жасанды интеллект арқылы

Метариалдағы фото: Семей қалалық мәдениет Сарайынан

Просмотров (107)