Лента новостей

Семейде түнде отшашу атқан тұрғын жауапқа тартылды

отшашу, тәртіпсіздік, полиция

Семей қаласында мейрамхана маңында түнгі уақытта отшашу атқан 24 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Arnapress.kz Абай облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Оқиға 17 қазан күні сағат 23:36 шамасында Шәкәрім даңғылында болған. Отшашудың қатты шуына наразы болған тұрғындар полицияға шағымданған.

Тәртіп сақшылары отшашуды қоғамдық орында атқан жергілікті тұрғынды анықтады. Оның әрекеті айналасындағылардың тыныштығын бұзған.

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері Абай облысында пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін бұзудың 12 дерегі тіркелген.

Фото: Полиция департаментінен

Просмотров (95)