Лента новостей

Қазақ тілін білу деңгейін бағалау: өтінім беру мерзімі белгілі болды

тест, қазақ тілі, сертификат

29 қазанда Қазақстанның 19 қаласында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап. 

Электронды форматта ұйымдастырылатын тестілеу Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған, Түркістан және Тараз қалаларында өтеді.

Тестілеуге қатысуға өтінімдер 27 қазанға дейін app.testcenter.kz сайты арқылы қабылданады.

ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі төрт бөлімнен тұрады:

Тыңдалым – 20 тапсырма, 20 минут;
Оқылым – 40 тапсырма, 50 минут;
Жазылым – 2 тапсырма, 50 минут;
Айтылым – 2 тапсырма, 7 минут.

Сертификат алу үшін қатысушылар әр бөлім бойынша белгіленген шекті балды жинауы қажет.

Тестілеу нәтижелері емтихан аяқталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қатысушының app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетінде жарияланады.

Тестілеуге қатысу құны – 7 121 теңге.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (363)