Лента новостей

Семейдегі футзал командасы облыстық мектеп лигасы жарысына қалай дайындалып жатқандарын айтты

мектеп лигасы, облыстық жарыс, спорт, Абай облысы жаңалықтары, Семей қаласы

Қалалық спорт жарысынан жеңімпаз атанған оқушылар облыстық сынға жолдама алды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайын 5–11 сынып оқушылары арасында өтетін Ұлттық мектеп лигасы – жасөспірімдер спортының дамуына серпін беретін ауқымды жоба. 
Лига аясында 10 спорт түрі бойынша барлығы 41 жарыс ұйымдастырылып, олар төрт кезеңде өтеді: мектепішілік, аудандық, қалалық, облыстық және республикалық.

Осы жарыстар шеңберінде өткен қалалық футзал турнирінде 11 мектеп командасы бақ сынаған болатын. Қорытынды финалда №31 мектеп командасын сенімді түрде жеңген №11 мектеп командасы жүлделі I орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

"Турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әр матчта қарсыластарымыз осал болған жоқ. Финалда бар күшімізді салып, командалық ойын көрсетуге тырыстық. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз", – дейді команда ойыншысы Дарын Уалханов. 

Облыстық жарыс наурыз айында өтеді. Бұл кезеңде жеңіске жеткен команда республикалық деңгейде бақ сынау мүмкіндігіне ие болады.

"Облыстық жарыста бәсеке одан да күштірек болатынын түсінеміз. Сондықтан жаттығуларды күшейтіп, қателіктермен жұмыс істейміз. Негізгі мақсат – мектеп намысын лайықты қорғау", – деді жас спортшы Алибек Тұрысбеков

Команданың намысын қорғаған ойыншылар:
Уалханов Д., Тұрысбек А., Якупов Д., Аманбекұлы А., Садыков М., Рүстемұлы М., Берікқажыұлы Б. Команданың бас жаттықтырушысы – Нұрпейісов Медет.

Жас спортшыларға алдағы облыстық және республикалық кезеңдерде сәттілік тілейміз!

Гүлнұр Ахметжан

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (239)
ТопДок 1