Лента новостей

Абай облысында бюджет қаражатын талан-таражға салған маман жазаға тартылды

тексеріс, жымқыру, бухгалтер, Жарма

Абай облысында прокуратура тексеруінің нәтижесінде 8,3 млн теңгені жымқырған бухгалтер сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz прокуратураға сілтеме жасап.

Абай облысы Жарма ауданының прокуратурасы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлеріне жалақыны заңсыз есептеу фактісін анықтады.

"Жарма аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" КМК бухгалтері екі жыл бойы өзінің және мекеме іс жүргізушісінің банктік шоттарына жалақыны заңсыз түрде артық есептеп отырған. Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 8,3 млн теңге залал келтірілген. Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы қылмыстық істі тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Тергеу барысында бухгалтер өз кінәсін мойындап, мемлекетке келтірілген залалды толық көлемде өтеді. Жарма аудандық сотының үкімімен ол ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу және 5 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасына сотталды", - делінген хабарламада

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (104)