Лента новостей

Қазақстанда интернет-алаяқтықпен айналысқан Қытайдың 13 азаматы ұсталды

заңсыздық, шетел, азаматтары, Қытай, схема, ұйым

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қонға қарсы күрес аясында ел аумағында заңсыз жүрген Қытайдың 13 азаматын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz комитет баспасөзіне сілтеме жасап. 

Тексеру барысында шетел азаматтарының халықаралық интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырғаны белгілі болды. Олардан компьютерлік техника, ұялы телефондар, "Starlink" спутниктік интернет жабдықтары және криптоәмияндарда сақталған ірі көлемдегі қаражат табылды.

Тергеу мәліметінше, топтың әрекеттері Қазақстан резиденттері болып табылмайтын өзге елдердің азаматтарына қарсы бағытталған. Заңсыз әрекеттер шетелден үйлестіріліп отырған.

Оқиғаға байланысты Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі әріптестерімен бірлесіп тексеру жүргізді. Нәтижесінде ұсталғандардың кейбірі Қытайда осыған ұқсас әрекеттері үшін іздеуде жүргені анықталды.

2026 жылғы 16 қазанда ұсталған 13 шетел азаматы әкімшілік тәртіппен Қазақстан аумағынан шығарылып, одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін Қытайдың уәкілетті органдарына тапсырылды.

Фото: Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөзінен

Просмотров (410)