Лента новостей

Мас күйде көлік жүргізуді тоқтатпаған: Абай облысы тұрғыны 2 жыл 2 айға сотталды

құқық бұзу, тәртіпсіздік, жол

Жарма ауданының 53 жастағы тұрғыны бірнеше рет сотталса да, мас күйде көлік басқаруды жалғастырған. Бұған дейін әкімшілік жазаға тартылып, қоғамдық жұмыстарға жіберіліп, тіпті түрмеде де отырған. Алайда бұл жазалардың ешқайсысы нәтиже бермеген, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция депатраментіне сілтеме жасап. 

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қалбатау ауылында өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылған ер адам мас күйде ВАЗ-21099 автокөлігін басқарған. Оны полиция қызметкерлері тоқтатып, медициналық куәландыру алкогольдік масаң күйде болғанын растаған.

Сот шешімімен азамат 2 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылып, көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Бірнеше рет берілген мүмкіндік пен тағайындалған жаза сабақ болмаған. 

Фото: Полиция департаментінен

Просмотров (418)