Лента новостей

Астанада әйелдің өліміне себеп болған автобус жүргізушісі сотталды

автобус, қайғылы, оқиға, адам, өлімі

Астанада көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлесіп, адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасын жасаған автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокурорға сілтеме жасап. 

Тергеу мәліметінше, жүргізуші реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 57 жастағы әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші ауыр дене жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Нәтижесінде автобус жүргізушісі 2 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылып, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (413)