2026 жылғы 14 қараша күні Семей қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы ауылшаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.
Жәрмеңке сағат 09:00-де "Северный" сауда орталығының аумағында өтеді. Іс-шара аясында Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімдерін қала тұрғындарына ұсынады.
Жәрмеңкеде жергілікті өндірушілердің табиғи, сапалы әрі қолжетімді ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға мүмкіндік бар. Тұрғындарға ет, сүт өнімдері, жұмыртқа және басқа да азық-түлік түрлері ұсынылады.
Аталған шара жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға, ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей тұтынушыларға жеткізуге және қала тұрғындарын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Фото: Жасанды интеллект арқылы
