Лента новостей

Семейде кезекші халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгереді

ХҚКО, мекенжай, өзгеріс

2026 жылғы 16 қарашадан бастап Семей қаласындағы №1 халыққа қызмет көрсету орталығы кезекші ХҚКО ретінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Arnapress.kz

Азаматтарды қабылдау 408-орам, 21 мекенжайында жүргізіледі. Бұған Бауыржан Момышұлы көшесі, 22 мекенжайында орналасқан №2 ХҚКО-да жөндеу жұмыстарының жүргізілуі себеп. Осы кезеңде кезекші орталықтың қызметтері уақытша №1 бөлімге ауыстырылады. Ал №2 ХҚКО әдеттегі жұмыс режимінде қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, қалыпты режимдегі ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал кезекші орталықтар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Тұрғындар ХҚКО-ға бару уақытын алдын ала "ХҚКО" мобильді қосымшасы арқылы брондай алады.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (196)