10 қарашада Семей қаласындағы Оқушылар сарайында DIGITAL ABAI 2026 өңірлік форумы өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Semey Hub сілтеме жасап.
Іс-шара цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылмақ.
Форумның ресми бөлімінде Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің цифрлық дамуына үлес қосқан мамандарды марапаттайды. Жалпы, 38 маманға марапат табыстау жоспарланған.
Форум аясында сарапшылардың баяндамалары, IT-жобалар көрмесі, білім беру сессиялары мен түрлі байқаулар ұйымдастырылады. Сондай-ақ AI Film Hackathon және Semey Hub Battle жарыстарының қорытындысы шығарылады.
Шараға IT саласының өкілдері, кәсіпкерлер, ғалымдар, білім беру ұйымдарының мамандары мен технологиялық компаниялар қатысады.
Форум сағат 9:00-де басталады. Ұйымдастырушысы – Semey Hub. Іс-шара Абай облысының Цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен өтеді.
Байланыс: +77778533134 Рысты Қойшыбайқызы, қосымша ақпарат бойынша: r.nurmukhanova@astanahub.com
Фото: Жасанды интеллект арқылы
