Лента новостей

Абай облысында сарбаздар есірткіге қарсы іс-қимыл жөнінде ақпараттандырылды

Есітркіге қарсы, Абай облысы

Абай облысында құқық қорғау органдары мен әскери гарнизон бірлесіп маңызды шара өткізді деп хабарлайды Arnapress Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының мамандары сарбаздарға заң талаптарын түсіндіріп қана қоймай, нақты өмірлік мысалдармен есірткі тәуелділігінің қауіпті салдарын көрсетті.

Дәрістер бейне материалдар мен психологиялық тренингтер арқылы өткізіліп, сарбаздардың назарын сақтап, тақырыпты есте қалатындай етіп жеткізілді. Қызметшілер есірткі тек жеке денсаулыққа ғана емес, әскери борышты орындауға, командалық рухқа және қоғамдық қауіпсіздікке де зиян тигізетінін өз көздерімен көрді.

Бұл шара ақпараттық сипаттан шығып, әскери ортадағы мәдениетті қалыптастыруға және қауіпсіз өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды қадам болды,

 Фото: Полиция департаменті баспасөз қызметі

Просмотров (270)
ТопДок 1