Лента новостей

eGov Mobile арқылы жануар иесін растау мүмкіндігі іске қосылды

жануар, иесі, деректер

2026 жылғы 25 қарашадан бастап жануарларды тіркеу кезінде иесінің жеке деректерін eGov Mobile қосымшасы арқылы растауға болады, деп хабарлайды Arnapress.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

Енді SMS-хабарламаны күтудің қажеті жоқ. Деректерді растаудың екі жолы бар:

eGov Mobile арқылы: жануар иесі қосымшаны ашып, QR-кодты сканерлейді. Жүйеде оның ЖСН-і мен аты-жөні автоматты түрде көрсетіледі.

1414 нөмірінен SMS арқылы: бұрынғы растау тәсілі де сақталады. Бұл смартфоны жоқ азаматтарға ыңғайлы. eGov Mobile қосымшасын Google Play және App Store дүкендерінен жүктеп алуға болады.

Жаңа мүмкіндік жануарларды тіркеу процесін жеңілдетіп, азаматтардың уақытын үнемдеуге бағытталған.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (268)