Лента новостей

Қазақстанда үш микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

қаржы, лицензия, микроқаржы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заң талаптарын жүйелі түрде бұзған үш микроқаржы ұйымының лицензиясын қайтарып алды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап. 

Лицензиясынан айырылған ұйымдар:

1. "ECKZ" МҚҰ" ЖШС;
2. "Taj Finance" МҚҰ" ЖШС;
3. "М Булақ" МҚҰ" ЖШС.

Агенттіктің мәліметінше, тексеру барысында тұтынушылардың құқықтарын бұзуға әкелген заңбұзушылықтар анықталған.

Лицензиясынан айырылған ұйымдар енді жаңа микрокредит бере алмайды. Алайда бұрын несие алған азаматтардың қарыз міндеттемелері күшінде қалады. Яғни, қолданыстағы шарт бойынша төлем жасау міндеті сақталады.

Агенттік қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы бақылауды жалғастыратынын мәлімдеді.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (50)