Лента новостей

Семейдегі қоғамдық көліктерге кім жауапты? Байланыс нөмірлері жарияланды

Қоғамдық көлік, тасымалдаушы мекеме, маршруттар

Семей қаласындағы қоғамдық көлік маршруттарын қай тасымалдаушы мекеме басқаратынын көп тұрғын біле бермейді. Осыған байланысты негізгі тасымалдаушы ұйымдар туралы мәліметті Абай облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз хатшысы ұсынды деп хабарлайды Arnapress тілшісі.

Мына маршруттағы қоғамдық көліктерді - 2, 6, 9, 12, 13, 14, 15, 20, 21, 25, 27, 30, 33, 35, 39, 41, 43, 44, 48, 49, 54, 56, 57 -  "Авто Транс Семей" ЖШС басқарса, +7 (7222) 64-07-22,  Ал, "Семавтопаркке" ЖШС +7 (7222) 77-12-70, +7 (7222) 77-13-66, +7 (7222) 77-13-18  - 4, 5, 8, 17 автобустарын қадағалайды.

 "Пинчук Григорий Васильевич" Жеке кәсіпкері 31 бағытын өзіне алған екен. +7 (7222) 77-12-70, +7 (7222) 77-13-66, +7 (7222) 77-13-18  , "Таксомоторлық паркіне" ЖШС +7 (7222) 77-12-70, +7 (7222) 77-13-66, +7 (7222) 77-13-18  - 1, 3, 16, 18, 22, 24, 26, 28, 29, 34, 36, 52, 55 бағыттағы автобустар тиесілі болса, 10, 45 нөмерлі автобустарды "Ecobus QK" ЖШС +7 747 915 42 43 өзіне иеленген екен 

Осылайша, Семей қаласындағы қоғамдық көлік бағыттарына жауапты тасымалдаушы мекемелер мен олардың байланыс нөмірлері белгілі болды. Егер қоғамдық көліктердің қозғалысына, қызмет көрсету сапасына немесе басқа да келеңсіз жағдайларға байланысты сұрақтар туындаса, тұрғындар тиісті тасымалдаушы ұйымдарға көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы тікелей хабарласа алады.

Фото: жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (276)
ТопДок 1