Лента новостей

Семей әкімі қаладағы тазалыққа қатысты жұмысты сынға алды

тазалық, сын, әкім

Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы әкімдік отырысын өткізіп, шаһардағы тазалық пен абаттандыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 

Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, әкім инспекторлары және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қала басшысы саябақтар, гүлзарлар, көшелер мен қоғамдық орындардың күтімінде бірқатар кемшіліктер бар екенін атап өтті. Осыған байланысты жауапты мекемелерге тазалық жұмыстарын күшейтіп, абаттандыру сапасын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ тұрғын үйлердің сыртқы келбетін және кәсіпкерлік нысандарының аумағын ретке келтіру жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі айтылды. Қала әкімі шілде айында қабылданған абаттандыру қағидаларының талаптары толық сақталуы тиіс екенін ескертті.

Фото: ЖИ

Просмотров (78)
ТопДок 1