Лента новостей

“Семейде алаяқтардың жаңа айласы: жылу қызметкері болып хабарласып, SMS-код сұрайды”

алаяқ, қоңырау, жылу коммунал, смс

Редакциямызға қала тұрғынынан алаяқтардың жаңа айласы туралы ескерту келіп түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz 

Оқырманның айтуынша, соңғы уақытта өзін жылу коммуналдық қызметінің қызметкері ретінде таныстыратын белгісіз адамдар тұрғындарға телефон соғып, түрлі сылтаумен жеке мәліметтер мен SMS арқылы келген бір реттік растау кодын сұрайды. Жылу есептегішіңізді тіркеу керек, өтініш қалдырыпсыз, құжаттарыңызды жаңарту үшін рәсімдейміз қажет де смстегі кодты сұраған. Алайда бұл код - банк қосымшаларына, мемлекеттік сервистерге немесе басқа да жеке аккаунттарға кіруге мүмкіндік беретін маңызды қорғаныс құралы болуы ықтимал.

Маманның емес, алаяқтың қолына түскен код салдарынан банк шоттарына заңсыз қол жеткізу, азаматтың атына несие рәсімдеу немесе басқа да алаяқтық әрекеттер жасалуы мүмкін.

Осы орайда редация жылу коммуналдық орындарға хабарласып, солай тексеріс жүріп жатыр ма, SMS жібересіздер ме деп сұраған да, олар ешқашан код сұрамайтындарын жеткізді. бұндай жағдай алғаш рет екенін ескертті. Сондықтан,
* телефон соққан адамның расында сол ұйымның қызметкері екеніне көз жеткізіңіз;
* SMS-кодты, банк картасының деректерін, CVV-кодты және жеке мәліметтеріңізді ешкімге айтпаңыз;
* күмән туындаса, әңгімені бірден тоқтатып, ұйымның ресми байланыс нөміріне өзіңіз хабарласыңыз;
* бейтаныс адамдардың айтуымен қосымша жүктемеңіз және күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.

Егер осындай қоңырау түссе, әңгімені дереу тоқтатып, ешқандай кодты айтпаңыз және жақындарыңызды, әсіресе егде жастағы туыстарыңызды алдын ала ескертіңіз. Ал алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, бұл туралы бірден полицияға хабарлаған жөн.

Сақтық – өз қаражатыңыз бен жеке деректеріңізді қорғаудың ең тиімді жолы.

Фото: ЖИ және оқырманнан

Просмотров (108)
ТопДок 1