Лента новостей

Семейдің бірқатар көшесінде су уақытша тоқтатылады

су, тоқтайды, Семей

2026 жылғы 4 тамызда Семей қаласында Докучаев–Қашаубаев көшесіндегі жаңа су құбыры желісіне қайта қосу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz Семейвооканалға сілтеме жасап. 

Осыған байланысты таңғы сағат 09:00-ден бастап жұмыстар аяқталғанға дейін бірқатар мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады.

Атап айтқанда, Физкультурная көшесі, 9, Карменов көшесі, 3, Глинки көшесі, 18 және 18а, Докучаев көшесіндегі 7, 27, 45, 34Б, 35Б үйлері, Түрксіб көшесі, 30, сондай-ақ №10 және №22 жалпы орта білім беретін мектептер мен спорт мектебі ауызсудан уақытша ажыратылады.

"Семей Водоканал" мекемесі тұрғындардан алдын ала қажетті су қорын жинап қоюды сұрайды және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді.

Фото: ЖИ

Просмотров (167)
ТопДок 1