Лента новостей

ІІМ заңсыз контент таратқан тоғыз TikTok авторын жауапқа тартты

контент, тик ток, пранк, құқық

Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент жариялаған тоғыз автордың әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ІІМ сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, олар TikTok платформасында тікелей эфир өткізу кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен, қауіпті пранктер ұйымдастырып, адамдарды қорлаған. Мұндай контенттің негізгі мақсаты – қаралым, лайк пен донат жинау болған.

Анықталған деректер бойынша, құқық бұзушылардың бірқатарына әкімшілік айыппұл салынса, енді біреулері бірнеше тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Олардың қатарында Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысының тұрғындары бар.

ІІМ-нің мәлімдеуінше, әлеуметтік желілердегі анонимді аккаунттар заңнан жалтаруға мүмкіндік бермейді. Министрлік құқық бұзушылардың жеке басын анықтауға қажетті құралдардың бар екенін және цифрлық кеңістіктегі заңсыз әрекеттерге қатысты жұмыс алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

ІІМ азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырып, заңға қайшы контент таратқандардың барлығы заң аясында жауапқа тартылатынын ескертті.

Фото: ЖИ

Просмотров (99)
ТопДок 1