Лента новостей

Жарма ауданындағы бір ауыл "Алкогольсіз ауыл" мәртебесін алды

Алкогольсіз ауыл лыуаалкогольсіз зісьлогакла

Жарма ауданына қарасты Үкілі ауылы ресми түрде "Алкогольсіз ауыл" мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұл - ауыл тұрғындарының қоғамдық тәртіпті нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қауіпсіз орта құруға бағытталған ортақ бастамасының нәтижесі.

51 тұрғыны бар, 17 шаңырақтан тұратын ауыл халқы алкоголь өнімдерінен саналы түрде бас тартып, татулық пен бірліктің үлгісін көрсетіп отыр. Бұл бастама құқық бұзушылықтың алдын алуға, отбасы құндылықтарын дәріптеуге және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Іс-шара барысында Үкілі ауылының әкімі Аскербек Бердыкенов ауыл тұрғындарының ұйымшылдығына жоғары баға беріп, бұл жетістік бүкіл ауылдың ортақ еңбегінің нәтижесі екенін айтты.

Тұрғындар да бастаманы бірауыздан қолдап, алдағы уақытта да ауылдағы тәртіп пен салауатты өмір салтын сақтауға күш салатындарын жеткізді.

Үкілі ауылының бұл бастамасы – бірлік пен жауапкершіліктің, қоғамдық қауіпсіздік пен салауатты өмір салтын насихаттаудың жарқын үлгісі.

Фото: Абай облысы ПД

Просмотров (162)
ТопДок 1