Семей қаласында "Семейім – жүрегімнің төріндесің" атты балалар арасындағы қалалық өнер фестивалі өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.
Шараға қаладағы шығармашылық орталықтар мен мектептерде өнер көрсетіп жүрген дарынды балалар қатысады. Жас өнерпаздар көрермен назарына ән, би, күй және өзге де шығармашылық қойылымдарын ұсынады.
Фестиваль 20 қыркүйек күні сағат 13:00-де Орталық саябақта өтеді.
Ұйымдастырушы – Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. Байланыс номері: +7776215098
Қала тұрғындары мен қонақтарын жас таланттардың өнерін тамашалауға шақырады.
Фото: ЖИ
