Лента новостей

Абай облысында педагогтер арасында "Quiz" интеллектуалды ойыны өтті

квиз

Абай облысының облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтері арасында "QUIZ" интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының білім басқармасына сілтеме жасап.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің педагог мәртебесін қоғамда ілгерілетуге және ұстаз мамандығының оң имиджін қалыптастыруға бағытталған контент-жоспары аясында өткізілді.

Зияткерлік сайысқа 6 команда құрамында 36 педагог қатысып, білім мен зеректігін, логикалық ойлау қабілеті мен тапқырлығын сынға салды.

Интеллектуалды ойын педагогтердің таным көкжиегін кеңейтуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға, командалық ынтымақтастықты нығайтуға және кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.

Осындай тағылымды іс-шаралар ұстаздардың кәсіби әлеуетін арттырып, өзара ынтымақтастығын нығайтуға және қоғамдағы педагог мәртебесін көтеруге ықпал етеді.

Фото: Абай облысының білім басқармасы

Просмотров (137)