Лента новостей

Абай облысында интернет-алаяқтықтан 110 миллион теңгеден астам шығын келтірілген

полиция, интернет-алаяқтық, ескерту

Жыл басынан бері Абай облысында интернет-алаяқтыққа қатысты 68 қылмыс фактісі тіркеліп, азаматтарға келтірілген қаржылық шығын көлемі 110 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Arnapress.kz Облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Интернет-алаяқтықпен күрес аясында тек қылмыстарды тергеп қана қоймай, алдын алу шараларына да ерекше көңіл бөлуде. Құқық қорғау органдарының мамандары күнделікті негізде тұрғындармен кездесіп, заманауи алаяқтық схемалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ ақпараттық кездесулер, тренингтер ұйымдастырылып, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы профилактикалық материалдар кеңінен таратылады.

Полиция департаменті тұрғындарға мынадай негізгі сақтық шараларын ұсынады:

• бейтаныс электрондық пошта, SMS немесе мессенджер арқылы келген сілтемелерге өтпеу;

• онлайн сауда жасау немесе ақша аудару кезінде тек ресми сайттар мен қосымшаларды пайдалану;

• жеке деректерді және банк картасының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеу;

• күмәнді жағдайлар туындаған кезде полицияға дереу хабарлау.

Абай облысында өткізіліп жатқан ақпараттық кездесулер мен акциялар тұрғындарға алаяқтықтың кең таралған түрлерін тануға, цифрлық қауіпсіздік ережелерін меңгеруге және интернет кеңістігіндегі қауіпті әрекеттерден сақтануға мүмкіндік береді. Полиция департаменті негізгі назарды білім беру және ақпараттандыру арқылы алдын алу жұмыстарына аударып отыр.

Фото: жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (363)
ТопДок 1