Лента новостей

Семейде түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеті әшкереленді

мекеме, түрме, заңсыздық, тыйым

Абай облысындағы орташа қауіпсіздік мекемесіне шамамен 400 мың теңге мен екі USB құрылғысын заңсыз жеткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сілтеме жасап. 

Оқиға Семей қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде болған. Режим бөлімінің қызметкерлері 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, мекеменің өндірістік аймағына жүк жеткізуге келген ЗИЛ автокөлігін тексерген. Тексеру барысында көлік кабинасындағы қолғап салатын жәшіктен жасырылған 400 мың теңгеге жуық ақша мен екі USB құрылғысы табылды.

22 жастағы жүргізушінің айтуынша, аталған заттарды мекеме аумағына жеткізуді өзі жақын танымайтын ер адам өтінген.

Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұл туралы режим бөлімінің орынбасары Қуаныш Әлмадиев хабарлады.

Фото: Polisia.kz

Просмотров (406)