Лента новостей

Алакөлде 14 шетел азаматы заңсыз еңбек еткені анықталды

Алакөл, шетел, азаматтары, заңсыз, жұмыс

Жетісу облысында полицейлер "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау барысында 10 қыркүйекте Алакөл ауданының Ақши ауылында көші-қон заңнамасын бұза отырып еңбек қызметін жүзеге асырған 14 шетел азаматы анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сілтеме жасап. 

Тексеру барысында олардың Қазақстан аумағында қажетті рұқсат құжаттарынсыз еңбек еткені белгілі болды. Сонымен қатар шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібін бұзу фактілері анықталды.

Шетел азаматтары мән-жайды анықтау және заңнамаға сәйкес шара қолдану үшін аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Анықталған фактілер бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, оларды қарау және тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Полиция көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау қажеттігін еске салады. Осы бағыттағы профилактикалық және жедел іс-шаралар жалғасуда.

Фото: Polisia.kz видеодан скрин

Просмотров (302)
ТопДок 1