️2026 жылғы 16 қыркүйекте сағат 13:10 шамасында Қаржаубайұлы – Энергетиктер көшелерінің қиылысында маршруттық автобус пен JETOUR X70 автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz
Оқиғаға байланысты полиция департаменті пікір білдірді, алдын ала мәлімет бойынша, автобустың 50 жастағы жүргізушісі солға бұрылу кезінде көлікті басқара алмай, жол жиегінде тұрған автокөлікке соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер бар. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Жол қозғалысы қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тексеру нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.
Фото: Arnapress.kz
