Лента новостей

Бородулиха ауданына жаңа әкім тағайындалды

жаңа, тағайындау, Борордулиха

Абай облысының әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданының активіне ауданның жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімінің баспасөзіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен аудан әкімі лауазымына Талғат Батырұлы Мұратов тағайындалды.

Бұл – жаңа Конституция қабылданып, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тағайындаудың жаңа тәртібі енгізілгеннен кейін Абай облысында жүзеге асқан алғашқы тағайындау.

Аймақ басшысы жаңа әкімге өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жандандыру, аграрлық сектор мен өндіріс әлеуетін тиімді пайдалану, сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында нақты міндеттер жүктеді.

Талғат Мұратов мемлекеттік қызметте мол тәжірибесі бар. Әр жылдары Бесқарағай және Жарма аудандарында, Семей қаласында жауапты қызметтер атқарып, 2026 жылдың ақпан айынан бері Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары болған.

Фото: Абай облысының әкімдігінен

Просмотров (119)
ТопДок 1