Лента новостей

Көкпекті ауданына жаңа қоқыс тасымалдау көлігі мен еуроконтейнер табысталды

техника, контейнер, Көкпекті

Көкпекті ауданында коммуналдық қызметтің материалдық-техникалық базасы жаңа техникамен толықты, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ауданға Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) аясында бір арнайы қоқыс тасымалдау көлігі мен 50 заманауи еуроконтейнер берілді.

Бұл қолдау Абай және Ұлытау облыстарын дамытуға бағытталған "Тұрақты даму: жаңадан құрылған облыстардағы өңірлік теңсіздіктерді еңсеру" жобасы шеңберінде жүзеге асырылды.

Жоба барысында БҰҰДБ сарапшылары облыс әкімдіктерімен бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесіне талдау жүргізіп, өңірлердің қажеттіліктерін зерттеген. Соның нәтижесінде халықаралық тәжірибе мен жергілікті ерекшеліктер ескерілген ұсынымдар әзірленді.

Жаңа қоқыс тасымалдау көлігі мен контейнерлер тұрмыстық қалдықтарды уақытылы жинауға мүмкіндік беріп, коммуналдық қызметтің тиімділігін арттырады. Сондай-ақ елді мекендердің тазалығын сақтауға, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға оң ықпал етеді.

Жоба алдағы уақытта қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруді, инфрақұрылымды тиімді жоспарлауды және қайта өңдеуге болатын қалдықтарды ресурс ретінде пайдаланатын айналмалы экономика қағидаттарын кезең-кезеңімен енгізуді көздейді.

Фото: Облыс әкімінің баспасөз қызметінен

Просмотров (104)
ТопДок 1