Лента новостей

Ерікті қоныс аударғысы келетіндер үшін жаңа цифрлық сервис іске қосылды

қоныс, жұмыс, сұраныс

migration.enbek.kz порталында ерікті қоныс аударуды жоспарлап жүрген азаматтарға арналған жаңа цифрлық сервис қолжетімді болды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Енді пайдаланушылар қоныстандыру өңірлеріндегі бос жұмыс орындарын, тұрғын үй жағдайларын, мемлекеттік қолдау шараларын және бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын мүмкіндіктерді бір жерден көре алады.

Сервисте еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың өзекті тізімі де жарияланған. Олардың қатарында:
дәрігерлер мен мейіргерлер;
мұғалімдер мен педагогтер;
инженерлік-техникалық мамандар;
агрономдар мен ветеринарлар;
механизаторлар, тракторшылар және жүргізушілер;
электр монтерлері, дәнекерлеушілер, токарьлар;
құрылыс саласының мамандары;
бухгалтерлер, экономистер және әлеуметтік сала қызметкерлері бар.

Сонымен қатар интерактивті карта арқылы елді мекендердің инфрақұрылымы, әлеуметтік нысандары және кеңес беретін байланыс орталықтары туралы ақпаратпен танысуға болады.

Еске салайық, 2026 жылы ерікті қоныс аудару өңірлері ретінде Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары белгіленген.

Фото: ЖИ

Просмотров (100)
ТопДок 1