Лента новостей

Семейде мотокөліктің келісірен жол апаты болды

апат, жол, мотокөлік

Семейде мопед пен басқа да мотокөліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Жыл басынан бері осындай 5 жол апаты тіркелген. Соңғы оқиғалардың бірінде 17 жастағы жүргізуші ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Полицияның мәліметінше, негізгі мәселе - кәмелетке толмағандардың жүргізуші куәлігінсіз және заң талаптарын сақтамай көлік басқаруы.

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз мопед тізгіндеген жасөспірім анықталды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, заңды өкілі баланы тәрбиелеу және оның әрекетін бақылау міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция ата-аналарды балаларының қандай көлікпен жүретінін, оны басқаруға құқығы бар-жоғын бақылауға шақырады. Мамандардың айтуынша, бір ғана жауапсыз шешім ауыр зардапқа әкелуі мүмкін.

Фото: ПД

Просмотров (139)
ТопДок 1