Лента новостей

Енді тұрақты донорлар төсбелгімен марапатталады

донор, қан тапсыру, төсбелгі

Қазақстанда алғаш рет қан донорларына арналған "Құрметті донор" ведомстволық төсбелгісі тағайындалды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Тиісті қаулыға Қазақстан Республикасы Үкіметі қол қойды. Алғашқы кезеңде марапат талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донорға табысталады. Төсбелгі өтеусіз негізде донорлық жасаған Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

Марапатқа ие болу үшін:
қан және (немесе) тромбоцитті кемінде 40 рет;
қан плазмасын кемінде 70 рет өтеусіз тапсыру қажет.

Бұл шешім адам өмірін сақтап қалуға үлес қосып жүрген тұрақты донорлардың еңбегін ресми түрде мойындап, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Жыл сайын елімізде 180 мыңнан астам адам донор атанып, 255 мыңнан астам донорлық рәсім жасалады. Соның арқасында 80 мыңнан астам пациентке қан құю көмегі көрсетіліп, көптеген адамның өмірі сақталып келеді.

Сондай-ақ заңнамаға сәйкес, донорлар медициналық тексеруден өту және қан тапсыру күндері жұмыс орнынан орташа жалақысы сақтала отырып босатылады.

Фото: ЖИ

Просмотров (126)
ТопДок 1