Лента новостей

Бақытжан Абдуллаев ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

ӘМСҚ, жаңа тағайындаулар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кадрлық ауыс-түйіс болып, басқарма төрағасының екі орынбасары тағайындалды деп хабарлайды Arnapress.kz Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Медицина саласында ұзақ жыл еңбек еткен Бақытжан Абдуллаев ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалған.

Ол еңбек жолын Астанадағы №1 қалалық ауруханада санитар және акушер қызметінен бастап, трансфузиолог, хирург-дәрігер, бөлім басшысы, сондай-ақ осы ауруханада бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарған.

2023 жылдан жаңа қызметіне дейін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болған.

Сондай-ақ Индира Ерденова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалған.

Ол бірнеше жыл Қаржы министрлігінің жүйесінде жұмыс істеген. Атап айтқанда, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетте, сонымен қатар Қазынашылық комитетінде бас сарапшыдан бастап Ішкі сатып алулар және активтер департаментінде басшылық қызмет атқарған.

Жаңа тағайындауға дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің Цифрландыру департаментінің директоры болған.

Фото: қор сайтынан

Просмотров (268)
ТопДок 1