Лента новостей

Ұлттық Банк «AQYQ» коллекциялық монетасын айналысқа шығарады

монета, Ұлттық, банк, номинал

Қазақстан Ұлттық Банкі "Сиқырлы нышандар" сериясынан "AQYQ" коллекциялық монетасын шығарады, деп хабарлайды Arnapress.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оны 27 қазаннан бастап Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Монета 925 сынамалы күмістен жасалған және ақық тасымен безендірілген. Көркемдік дизайнында қазақ зергерлік өнерінің дәстүрлері көрініс тапқан. Монетаның жоғарғы бөлігінде алқа бауын тағуға арналған арнайы баулық та қарастырылған.

Коллекциялық монетаның номиналы – 1 000 теңге, салмағы – 20 грамм, диаметрі – 33 миллиметр. Дайындау сапасы «antique silver» санатына жатады. Жалпы таралымы – 5 мың дана.

Монетаны Қазақстан теңге сарайы дайындаған. Ол еліміздің бүкіл аумағында белгіленген номиналдық құны бойынша төлем құралы ретінде қабылданады. Сондай-ақ банктерде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.

"AQYQ" коллекциялық монетасын 27 қазаннан бастап Ұлттық Банктің интернет-дүкенінен сатып алуға болады.

Фото: Қазақстан Ұлттық Банкі 

Просмотров (97)