Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Оқиғаны тергеу үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Қазір оқиға орнында Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды.
Қылмыстық істің тергелу барысы ерекше бақылауға алынды.
Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды
