Лента новостей

Абай облысында заң бұзған автобус айып тұрағына қойылды

жол, автобус, заңсыздық

Абай облысы полиция қызметкерлері Алматы - Өскемен автожолының 769-шақырымында жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген Yutong маркалы автобусты тексерді, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Тексеру кезінде көлік құралының техникалық талаптарға сай келмейтіні анықталды. Атап айтқанда, автобус заңда белгіленген тәртіппен келісілместен қайта жабдықталған. Ортаңғы есіктің зауыттық үлгіге сәйкес келмейтін, қолдан жасалған конструкциямен орнатылғаны белгілі болды. Мұндай заңсыз өзгерістер төтенше жағдай кезінде жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Сонымен қатар, тексеру барысында 42 жастағы жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы уақытша тоқтатылғанына қарамастан, жолаушылар тасымалымен айналысқаны анықталды.

Анықталған құқық бұзушылықтарға байланысты автобус арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылдануда.

Фото: Абай облысы Полиция департаменті видеосынан скриншот

Просмотров (141)
ТопДок 1