2026 жылғы 16 шілдеде "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха ауданындағы Камышенка орманшылығында тіркелген орман өрті 28 шілдеде толық сөндірілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Бірлескен әрі үйлесімді жұмыс нәтижесінде өрт толық жойылды", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, 2026 жылы 16 шілдеде Семей орманы резерватының Камышенка орманшылығында өрт тіркелген болатын. Редакция тілшілері өрт болған жерге барып, өз көзімен көріп қайтқан еді.
Өртті сөндіруге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Бірлескен әрі үйлесімді жұмыстың нәтижесінде орман өрті толық жойылып, жағдай толық бақылауға алынды.
Фото: Arnapress.kz
