Лента новостей

Қазақстанда Наурыз мерекесіне байланысты теміржол арқылы сапарлайтын жолаушыларға қосымша поездар мен вагондар қосылады

қосымша, поезд, вагон, мереке

"Жолаушылар тасымалы" АҚ мереке күндерінде жолаушылар ағынының артуына орай 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындап, сұранысы жоғары бағыттардағы пойыздарға 230-дан астам тіркеме вагон қосады деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап

Жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. Бұл шаралар мереке күндерінде билет алу мүмкіндігін арттыруға бағытталған делінген хабарламада.

Қосымша пойыздардың қозғалысы:

• №201/202 "Алматы-2 – Астана-1"

* Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз

* Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз

Барлығы: 6 рейс

• №204/203 "Астана Нұрлы жол – Шымкент"

* Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз

* Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз

Барлығы: 8 рейс

• №205/206 "Ақтөбе – Астана Нұрлы жол"

* Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз

* Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз

Барлығы: 6 рейс

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін 1433 тегін нөміріне қоңырау шалу немесе Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасына жүгіне аласыз.

Фото: жасанды интеллект арқылы 

Просмотров (220)
ТопДок 1