Лента новостей

Қазақстанда 700-ден астам медициналық ұйым жасанды интеллектіні пайдалануда

медицина, ЖИ, нәтиже

Қазақстанда жасанды интеллект технологиялары медицина саласына кеңінен енгізілуде. Бүгінде еліміздегі 700-ден астам медициналық ұйым ауруларды ерте анықтау, диагностиканы жеделдету және дәрігерлердің жұмысын жеңілдету мақсатында 10-нан астам AI шешімін қолданады, деп хабарлайды Arnapress.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

CerebraAI жүйесі компьютерлік томография суреттерін талдап, инсульт белгілерін жедел анықтауға көмектеседі. Қазіргі таңда бұл технология еліміздегі 17 инсульт орталығында қолданылады.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жүйе инсультке күдік болған 23,5 мыңнан астам пациенттің КТ нәтижесін талдаған.

Жасанды интеллект сүт безі мен өкпе обырының белгілерін ерте анықтауға, сондай-ақ стоматологиялық диагностикаға қолданылады.

Alima цифрлық көмекшісін бүгінде 4 205 дәрігер пайдаланады. Оның көмегімен медициналық құжаттарды рәсімдеу уақыты төрт есе қысқарған: бұрын 6 минут қажет болса, қазір небәрі 1,5 минут жеткілікті.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (59)